Жаңа жыл қарсаңында Қарағандының Осакаров кентінен 18 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныстанушылар арасында аз қамтылған және толық емес отбасылар, жетім балалар және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтары бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Барлық баспана сатып алу құқығымен жалға беріледі.
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, қоныстанушыларға кілттерді табыс етті. Ол бұл жаңа үй иелері үшін ғана емес, бүкіл аудан үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.
Бұл сіздердің өмірлеріңіздегі жаңа кезең, өздеріңізге және жақындарыңызға жайлылық сыйлау мүмкіндігі, – деді ол.
Биыл Осакаров ауданында 44 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.