Қарағанды мен Көкшетау бағытына қосымша пойыздар шығады

26 Қаңтар 2024, 11:49
341
Бөлісу:
Қарағанды мен Көкшетау бағытына қосымша пойыздар шығады
Фото: BAQ.KZ -архив

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қала маңы бағыты бойынша қосымша пойыз қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы демалыс күндері күтілетін қолайсыз ауа райына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бурабай курорты бағыты бойынша азаматтарды тасымалдау үшін қосымша электр пойызын енгізу туралы шешім қабылдады.

Бурабай курорты станциясына дейін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» электр пойызының қозғалысы ұзартылады (атауы №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты»). Биыл 26 және 28 қаңтарда пойыз Астанадан сағат 10:10-да шығып, Бурабайға сағат 13:20-да келеді. Осы күндері кері бағытта пойыз Бурабайдан сағат 14:48-де кетіп, Астанаға сағат 17:54-те келеді. Электр пойызда жолаушыларға 274 орын ұсынылады, - деп жазды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Қосымша электр пойыздарға билеттерді сату 25 қаңтар күні сағат 21:00-де басталды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар ағыны ұлғайған жағдайда Астана, Қарағанды және Павлодардан 44 қосымша вагонды қосатын болады. Бұл қосымша вагондар 2 мыңға дейін жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.

Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып,«Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға ауа райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы