Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осевая көшесінің маңындағы орман алаңында шөптер мен ағаштар жанып жатыр.
Бұл туралы Қарағанды қаласының әкімдігі хабарлады.
Өрт сөндірушілердің жұмысы қатты желдің салдарынан күрделене түсуде.
Жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге ТЖД, Орман шаруашылығы күштері және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Автожол уақытша жабылды. Саяжай тұрғындарын эвакуациялау басталды, - делінген ақпаратта.