"Қарағанды – Балқаш – Алматы" жолы қашан пайдалануға беріледі?

31 Қазан 2024, 16:45
305
Бөлісу:
"Қарағанды – Балқаш – Алматы" жолы қашан пайдалануға беріледі?
Фото: ОКҚ

«ҚазАвтоЖол» өкілі «Қарағанды – Балқаш – Алматы» жолының қашан пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың айтуынша, қазіргі уақытта «Қарағанды – Балқаш – Алматы», «Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Талдықорған – Өскемен» сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қайта жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Жалпы жұмыстар 1966 км қамтиды, оның 1915 км жол қозғалысы қамтамасыз етілген, бұл шамамен 97%. Ағымдағы жылдың басынан бері 5 млн тоннадан астам асфальт-бетон қоспасы төселді. Қазіргі уақытта тосқауыл, қардан және малдан қорғау қоршауларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 5 мыңға жуық құрылыс техникасы мен 7 мыңнан астам маман жұмылдырылды. 2024 жылдың соңына дейін осы учаскелер бойынша қолайлы және қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз ету жоспарлануда, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Биыл 5015 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның 1014 шақырымы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, қалған нысандарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Өзгелердің жаңалығы