"Қарағанды-Астана" тас жолында жаңа жылдамдық өлшегіштер іске қосылды

10 Қараша 2023, 20:33
770
Бөлісу:
"Қарағанды-Астана" тас жолында жаңа жылдамдық өлшегіштер іске қосылды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы-Екатеринбург" халықаралық автожолының учаскелерінде, Қарағанды мен Астана арасында жаңа жылдамдық өлшегіштер орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, олар 10 қарашадан бастап жұмыс істейді.

Ведомствоның мәліметінше, жылдамдық өлшегіштер Анар станциясының (автожолдың 1354 км) және Ошағанды кентінің (1403 км) аркаларында орнатылған. Олар екі бағыттағы қозғалысты қадағалайтын болады.

Бұған дейін 1 қарашадан бастап Теміртаудан Астанаға қарай шығатын аркада орнатылған жылдамдық өлшегіш іске қосылған болатын.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, рұқсат етілген жылдамдықтан аспауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы