Қарабақтағы жағдай: Әзербайжандағы елші пікір білдірді

20 Қыркүйек 2023, 19:39
1317
Бөлісу:
Қарабақтағы жағдай: Әзербайжандағы елші пікір білдірді
Фото: Әлім Байелдің Facebook парақшасынан

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел әлеуметтік желідегі парақшасында Қарабақтағы қақтығысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елші Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптайтынын айтты.

Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптаймыз. Қалыптасқан жағдай Әзербайжан Республикасының халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шеңберінде бейбіт диалог арқылы жуық арада реттеледі деп үміт білдіреміз. Оңтүстік Кавказда бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасының орнауы, барлық коммуникациялардың ашылуы өңірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді деген пікірдеміз, - деді Байел.

Еске салсақ, кеше Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта терроризмге қарсы операция басталғанын мәлім еткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы