Қарабаев еліміздегі вагон тапшылығын қалай шешетінін айтты

Бүгiн, 15:35
123
Бөлісу:
Қарабаев еліміздегі вагон тапшылығын қалай шешетінін айтты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

2026 жылға дейін Ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жүк вагондарына тоқталатын болсақ, жалпы парк 139 мың вагоннан тұрады. Бұл нарықта 300-ден астам жеке операторлар жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстан темір жолына 38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни елдің энергетикалық секторына және халыққа көмір жеткізуге жұмылдырылған. Бұл ретте, 2026 жылға дейін Ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Оның 800 бірлігі осы жылы пайдалануға берілді, - деді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, жолаушылар вагондары паркіне де ерекше назар аударылуда.

Былтыр 118 жаңа вагон сатып алынса, биыл – 143 бірлік жеткізіледі (еск - 113 бірлігі жеткізілді, 30 бірлігі жыл соңына дейін күтілуде). Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланған. Жалпы, 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагондары сатып алынады, нәтижесінде вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді Осы міндеттерді орындау үшін отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады, - деді Кәрімжанұлы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Көлік министрінен туристік жолдардың сапасы туралы сұрады.

Өзгелердің жаңалығы