Қарабаев «Атырау-Астрахань» жол учаскесінде жиналыс өткізді

23 Қазан 2023, 09:54
670
Бөлісу:
Қарабаев «Атырау-Астрахань» жол учаскесінде жиналыс өткізді
Фото: Көлік министрлігі

Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев «Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының учаскелеріндегі қайта жаңарту жұмыстарын бағамдап қайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марат Кәрімжанұлы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 3 учаскеге барып, бірнеше жиналыс өткізді. Жиында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, сондай-ақ Исатай ауылындағы базада «Ақжол құрылыс», «Тодини», «СМС» ЖШС мердігер ұйымдарының өкілдері есеп берді.

Қарабаев «Атырау-Астрахань» жол учаскесінде жиналыс өткізді

«Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)»автожолы «Астрахань-Атырау-Ақтау-Түркіменстан шекарасы» халықаралық дәлізінің бөлігі болып табылады. Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінің Ресей Федерациясына шығуымен көлік байланыстарын қамтамасыз ету барысында автожолдың маңызы зор.

«Атырау-Астрахань» жобасы бойынша жұмыс 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді. Учаскенің жалпы ұзындығы 277 шақырым. Осылайша 2020 жылы №5 учаске (833-853 км) пайдалануға берілген. Ал биыл жылдың соңында ұзындығы 40 км №6 (853-893 км) учаскені тапсыру жоспарланып отыр. 217 км жол (616-833 км) ЕҚДБ қарызы есебінен қайта жаңартылуда. Бүгінгі таңда 217 км-ден 167-ге дейін жабынның төменгі қабаты пайдалануға берілген. Жылдың соңына дейін бүкіл учаске бойынша жол жүруді қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жобаның толық аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.

Қарабаев «Атырау-Астрахань» жол учаскесінде жиналыс өткізді

Мердігерлермен өткен жиналыстардың барысында Көлік министрі ел Президенті аталған жол учаскелерін қайта жаңарту жобасына ерекше назар аударып отырғанын атап өтіп, трассаны пайдалануға берудің жоспарланған мерзіміне жету үшін құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Қарабаев «Атырау-Астрахань» жол учаскесінде жиналыс өткізді

Сондай-ақ жексенбі күні Марат Қарабаев Атырау қаласын Каспий теңізінің порттарымен байланыстыратын «Орал-Каспий каналында» болып, Атырау теміржол вокзалының жұмысымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы