Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар және боран: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 22:53
181
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Қазақстан аумағында 17 желтоқсан сағат 20:00-ден 18 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін қолайсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде қар, боран, көктайғақ, тұман және желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ертең, 18 желтоқсанда бірқатар облыстарда қатты қар жауып, боран соғады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар, боран, тұман және көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз қатты қар жауады, тұман мен көктайғақ болады.

Жетісу облысында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар және төменгі боран болжануда.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар, боран, түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аздаған қар, төменгі боран және тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қар мен боран соғады.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғақ болжануда.

Синоптиктердің хабарлауынша, елдің басым бөлігінде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Мамандар тұрғындарды жолда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы