Қар, жаңбыр: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 22:52
435
Бөлісу:
Қар, жаңбыр: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

13 наурызда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 17-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда секундына 23 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы