Қазгидромет 8 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлегінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады, ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.