Қар ұшқындап, көктайғақ болады: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 00:26
179
Бөлісу:
Қар ұшқындап, көктайғақ болады: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

12 ақпанда Астанада, Шымкентте және еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада түнде және таңертең тұман болады, күннің екінші жартысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с құрайды деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, орталығында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман, күндіз жолдарда көктайғақ болады деп болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жезқазғанда күндіз тұман болады, аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда кей уақыттарда тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түркістанда да кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Шымкентте жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ болады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болып, облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында 25 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Атырауда да түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болып, күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда да жаяу бұрқасын жүреді, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Өзгелердің жаңалығы