Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар, тұман, қатты жел: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 23:28
175
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Қазақстанның бірқатар өңірінде ертең, 12 ақпанда дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер қар, боран, көктайғақ, тұман және желдің күшеюін болжайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда кей жерлерде көктайғақ пен тұман күтіледі.

Шымкентте жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта қатты жауын-шашын, көктайғақ, төменгі боран және тұман болжанады.

Абай облысының оңтүстігінде түнде аздаған қар мен боран болады. Облыстың шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін, екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін.

Ақмола облысында түнде солтүстік және шығыс бөлігінде аздаған қар мен боран болжанады. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар мен боран, күндіз кей жерлерде аздаған қар мен төменгі боран болжанады. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (негізінен қар), қалың қар, көктайғақ, боран мен тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысында қар, төменгі боран, тұман және көктайғақ болжанып отыр. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ болжанады.

Павлодар облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында аздаған қар, боран және екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі.

Түркістан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көктайғақ, боран және тұман болжанып отыр.

Синоптиктер тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды, алыс жолға шыққанда ауа райы болжамын ескеруді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы