Қар, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 22:16
215
Бөлісу:
Қар, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

28 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысының батысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде кей уақыттарда тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қалың қар жауады, бұрқасын соғады. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында қар жауады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада кей уақыттарда тұман.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман.

Өзгелердің жаңалығы