Қар суының салдары: үш облыста жол жабылды

24 Наурыз 2025, 23:44
826
Бөлісу:
Қар суының салдары: үш облыста жол жабылды
Фото: www.istockphoto.com

24 наурыз күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 232 арнайы техника мен 463 маман жұмылдырылды, – деп жазды "ҚазАвтоЖол".

Өзгелердің жаңалығы