Абай облысының Мақаншы ауданында тасжолда қар құрсауында 6 адам мінген екі жеңіл көлік тұрып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ құтқарушылары вахтовка автокөлігімен оларға жетіп, адамдарды Мақаншы ауылына жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады, - делінген ақпаратта.