ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Жамбыл облысының Қордай ауданында жолдың жабық учаскесінде қар құрсауында 5 адам мінген екі жеңіл көлік тұрып қалған.
ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен оларға жетіп, оларды Отар ауылына эвакуациялады. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.
Оқи отырыңыз: