Қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды – ШҚО

20 Қараша 2023, 08:12
554
Бөлісу:
Қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды – ШҚО
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір бойынша қар көшкіні жүру қаупі бар кезең қараша айының ортасынан сәуірге дейін созылады.

Облыс бойынша 497 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін. Оның 325-і нысандарға және адамдар өміріне қауіп төндіреді. Сондай-ақ 93 шақырым көлік жолы қар көшкініне ұшырауы ықтимал, – дейді «Қазселденқорғау» мекемесі ШҚО филиалының басшысы Советбек Станбеков.

Биыл Алтай ауданы Зубовская тауында және Катонқарағай ауданының Собачья тауында қар ұстайтын қалқандарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Өзгелердің жаңалығы