Өткен жылы 29 мың шаршы метр қар массасы көлеміндегі қар көшкінінің 27 өздігінен түсуі тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров айтты.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы көлемі 75 мың текше метр қар массасымен 52 профилактикалық қар көшкіні түсірілді. Қауіпті учаскелерде 108 ескерту қалқаны қойылған.Қар көшкінінің өздігінен түсуіне және профилактикалық түсуіне уақтылы ден қою үшін 115 адамнан тұратын 16 құрылым және 72 бірлік техника дайындалды,-деп атап өтті ол.
Маман сөзінше, жағдай бақылауда. Сондай-ақ қар құрсауында қалып, адасып қалған туристер құтқарылғанын айтты.
Ағымдағы қысқы кезеңде құтқару бөлімшелері 17 іздестіру-құтқару жұмыстарын жүзеге асырды, онда таулы жерлерде саяхаттап жүрген 14 турист табылды, олар үйге қайту бағытын өз бетінше анықтай алмаған.Бүгінгі таңда «Туристік қызмет туралы» Заңға туристер мен туристік топтардың жүру бағыттары туралы аумақтық бөлімшелерді ақпараттандыру бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесі пысықталуда,-деді Жомарт Серікұлы.