1 ақпанда еліміздің 14 өңірінде ауа райы байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Ұлытау облысының солтүстігінде қар, облыстың батысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.
Жетісу облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, қар, бұрқасын күтіледі. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысында қар, облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.