Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

12 Қараша 2024, 22:51
496
Бөлісу:
Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

13 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кешке қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы