Қар, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгiн, 08:40
177
Бөлісу:
Қар, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Артём Чурсинов -архив

Синоптиктер 23 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сүйенсек, циклондар легінің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды деп болжануда. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төменгі құрлықпен, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы