Қар, бұрқасын: Жұмаға арналған ауа райы болжамы

14 Ақпан 2025, 08:10
318
Бөлісу:
Қар, бұрқасын: Жұмаға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктер жұма, 14 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сүйенсек, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстігінде, орталығында – көктайғақ болады, - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты барлық өңірде дауылды ескерту жариялады.

Өзгелердің жаңалығы