Синоптиктер 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
1 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. 1 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
1 қаңтарда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, күндіз қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. 1 қаңтарда облыстың батысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
1 қаңтарда түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. 1 қаңтарда облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
1 қаңтарда Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
1 қаңтарда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.
1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
1 қаңтарда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, күндіз қар жауады, бұрқасын болады, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. 1 қаңтарда облыстың батысында көктайғақ болып, түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
1 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз қар, бұрқасын болады.
1 қаңтарда Ақмола облысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын болады.
1-3 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
1 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.