«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 12-не жасалған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазгидромет дерегінше, терең ылғалды атлантикалық циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түседі.