Синоптиктер дүйсенбі, 17 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.
Болжамға сүйенсек, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.
Республика бойынша тұман, солтүстік пен батыста – бұрқасын мен жел күтіледі.
Еске салайық, бұған дейін күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланған болатын.