Қар, бұрқасын: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 22:15
138
Бөлісу:
Қар, бұрқасын: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

24 ақпанда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде қатты қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында тұман, облыстың орталығында, солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың орталығында, солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада аздап тұман болады деп күтіледі.

Алматы облысының батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

24-25 ақпанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қар жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, тұман түсуі ықтимал. Оралда да қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жезқазғанда жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 18 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түсіп, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте жаңбыр, күннің екінші жартысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жаңбыр жауып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, сондай-ақ орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын жүріп, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), болады, облыстың батысында, солтүстігінде қалың қар жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз қар жауып, күн райы бұрқасын болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы