Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар, боран, тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 01:29
161
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

«Қазгидромет» РМК 30-31 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық құбылыстар Астана мен Шымкент қалаларын қоса алғанда, елдің 16 облысын қамтиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 қаңтар күні Астанада тұман күтіледі. Осы күні Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады, ал облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыс бағыттағы желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда желдің күшеюі байқалып, екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында 30 қаңтар күні түстен кейін батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, төменгі боран күтіледі, ал оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде және күндіз екпіні 15-20 м/с, Петропавлда 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Қарағанды қаласында тұман күтіледі. Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жезқазған қаласында да тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, сондай-ақ Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі. Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және Семей қаласында да тұман болады. Күндіз Аягөз ауданында солтүстік-шығыс желдің екпіні 15-18 м/с жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысында 30 қаңтар күні облыс орталығында қарлы боран күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Таңертең және түстен кейін облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

30–31 қаңтар аралығында Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында қолайсыз ауа райы болжанады. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыс желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, төменгі боран, кейде тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

30 қаңтар күні таңертең және түстен кейін Түркістан облысының таулы аудандарында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында тұман болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да кей уақытта тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыс желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді, ал Қостанай қаласында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы