«Қазгидромет» РМК ертең, 20 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада қар жауып, боран соғады.
Алматыда және Алматы облысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Таулы аудандарда желдің екпіні 18 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Қонаев қаласында да осындай ауа райы болжануда.
Павлодар облысында қар мен боран күтіледі, кей жерлерде тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болжануда.
Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ, ал облыстың бірнеше бөлігінде тұман күтіледі. Жел тау асуларында 20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Шымкент пен Түркістанда да тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қарлы боран, көктайғақ және тұман болжанады. Жел екпіні 20 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.
Қызылорда облысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, төменгі боран болады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында ауа температурасы түнде –20…–22 градусқа дейін төмендейді.
Қостанай облысында қар, төменгі боран және тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, желдің екпіні 20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Облыстың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы –40 градусқа дейін төмендейді.
Абай облысының оңтүстігінде тұман, ал Жарма ауданында желдің екпіні 28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман мен көктайғақ болады, Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде қатты аяз –25…–27 градус күтіледі.