Қар барысы фототұзаққа ілінді

28 Тамыз 2020, 16:01
4379
Бөлісу:
Қар барысы фототұзаққа ілінді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күн бұрын Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының тауларында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте қар барысының жүргені анықталды.

Бұл өте сирек құбылыс. Соңғы рет Қазақстанның көне қорығында таулардың иесі үш жыл бұрын пайда болған. Қорықтың ғылыми мамандары мен инспекторлары бүгінде жабайы табиғатты сақтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде, - деп жазды facebook-тегі парақшасында Сәкен Ділдахмет. 
Ол атап өткендей, қар барысы жабайы мысықтардың ең жасырын өкілі, сондықтан барыс таулы аймақтағы жаз мезгілінде жасалған кадрлар ерекше құнды.
Олар сирек кездесетін жыртқыштың мекендейтін жерлері мен популяциясын одан әрі зерттеудің маңыздылығын арттырады. Бұл жыртқыштың Ақсу-Жабағылы қорығында болуы ЕҚТА-ның үйлесімді жұмысының дәлелі, бірінші кезекте - бұл экожүйені сақтау, барыстардың жем-шөп базасына тікелей әсер ететін браконьерлікті болдырмау. Қорықтар мен ұлттық саябақтардағы табиғат өзгеріссіз қалуы керек, - деді Ділдахмет.

Өзгелердің жаңалығы