"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстістігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шымкентте күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 22 градус қатты аяз күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 40 градус қатты аяз сақталады. Өскеменде тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай қ.: 19 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 25-27 градус қатты аяз күтіледі.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.