Қар аралас жаңбыр: 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Кеше, 23:48
155
Бөлісу:
Қар аралас жаңбыр: 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay.com

10 қыркүйекте солтүстік-батыс антициклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды.

Ал таулы аймақтарда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұманның түсуі, республикамыздың батысында, оңтүстік-шығысында желдің екпін алуы байқалады, - делінген хабарламада.

Ұлытау облысында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы өңірінің солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы