Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайларында кезекті түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рейдтің барысында демалушыларға жадынамалар тапсыра отырып, судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, қалалық жағажайларды патрульдеу кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес түнгі уақытта суға шомылатын азаматтарға су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін бұзғаны үшін 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жұмыс жалғасады.
Азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырамыз! – леп жазды ТЖМ.