"Қаңтар қасіреті". Ұсталғандар ішінде өзге елдің азаматтары бар ма?

1 Ақпан 2022, 18:41
1466
Бөлісу:
"Қаңтар қасіреті". Ұсталғандар ішінде өзге елдің азаматтары бар ма?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматыда өткен баспасөз жиыны барысында Аманат қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан ұсталғандар арасында өзге елдің азаматтары бар ма деген сұраққа жауап берді.

Алматыдағы оқиға бойынша ұсталғандар арасында өзге елдің азаматтары кездескен жоқ, бірақ шетелден келген қандастарымыз бар. Әсіресе Қытай елінен көшіп келген қандастарымыз көптеп кездесті. Олардың бір-екеуі қалған болу керек, біразын біз шығардық. Оның ішінде елге танымал дәстүрлі әнші Сейіт Сауатайды атап өтер едім. Бүгін тағы екі қандасымыз қамаудан шықты, – деді Абзал Құспан.

Бұған дейін ол қамауда әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар отырғанын айтқан болатын.

Айта кетсек, бір апта бұрын жұмысын бастаған Аманат комиссиясы осы аралықта 36 азаматты қамаудан шығарған еді. Олардың басым көпшілігі түрлі дене жарақатын алған азаматтар.

Өзгелердің жаңалығы