Қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамға үкім шықты – Бас прокуратура

29 Шілде 2022, 12:36
2152
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамға үкім шықты – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар оқиғасына байланысты "жаппай тәртіпсіздікке қатысу", "ұрлық", "тонау", "қару-жарақ сақтау, қару алып жүру" және өзге баптар бойынша айыпталған 717 адамға үкім шықты. 

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Бүгінгі күнге дейін оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жіберілді, 717 адам тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталды – делінген ведомство хабарламасында.

Бас прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері 1077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Бірақ олардың қаншасы Қаңтар оқиғасына байланысты екені нақтыланбаған. Уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылған.

Өзгелердің жаңалығы