Қаңтар оқиғасын «лаңкестік» деп айыптауға болады – заңгер пікірі

20 Қаңтар 2022, 18:51
2447
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасын «лаңкестік» деп айыптауға болады – заңгер пікірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Елімізге бағытталған шабуыл лаңкестік актісі болды деп санаймын. Сол арқылы ел-жұрт арасында үрей тудырып, сайып келгенде, билікті құлатуға талпынды деуге болады. Заң ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева «қаңтар қасіреті» оқиғасы туралы ойын айтты.

Оның айтуынша, елімізде, ең алдымен, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінуі керек.

Мен негізгі үш мәселеге тоқталғым келеді. Ең бірінші, құқық қорғау органдарына ерекше көңіл бөлу керек. Себебі, бізді қорғайтын – осы азаматтар мен азаматшалар. Ал онда қызмет атқарып отырған полиция қызметкерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары төмен. Сондықтан, ең алдымен, полиция қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау қажет. Олардың жұмыс уақыты 12-15 сағатқа дейін созылып жатады. Сол себепті мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсетілуі керек, - дейді ол.

ҚазҰУ Конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары қаңтар оқиғасын «лаңкестік» деп айыптауға болатынын айтты. Сондай-ақ ол халыққа құқықтық сауаттылық қажет екенін жеткізді.

Президенттің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) әскерлерін елге кіргізгені дұрыс шешім деп санаймын. Кез келген мемлекетте осындай жағдай орын алуы мүмкін. Кенеттен жасалған соққыға көптеген елдер өз күшімен тойтарыс бере алмай қалатынын ескерген жөн. Ал бізге бағытталған шабуыл лаңкестік актісі болды деп санаймын. Сол арқылы ел-жұрт арасында үрей тудырып, сайып келгенде, билікті құлатуға талпынды деуге болады. Менің ойымша, барша елге құқықтық білім мен құқықтық тәрбие керек. Ал біздің ҚазҰУ-дың оқытушылары Конституция мен құқықты мықты білуі қажет, сондықтан менің ұсынысым – барлық ЖОО мұғалімдеріне құқық туралы курсты МООК платформасында өткізу керек. Оны әр оқытушы мен студент пайдалануына болады. Құқық және Конституция туралы, адамның құқығы мен міндеттерін кеңінен айтып, үйрететін мықты бір курс ұйымдастырсақ дұрыс болады деп есептеймін, - деді маман.

Өзгелердің жаңалығы