Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова хабарлады. Оның айтуынша, қаңтар оқиғасына қатысты резонанстық хабарламалар әлі таралып жатыр.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде азаматтарды ұстау мен тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қорқыту туралы резонанстық хабарламалардың шығуы жалғасуда. Мұндай әрекеттерге жол берілмейтіндігі сөзсіз. Олар заңның үстемдік құруының конституциялық кепілдігі мен адам құқығының сақталуын бұзады. Ел Президенті адам құқығының бұзылуына жол берілмейтіндігін нақтылап айтқан болатын. Ұлттық алдын алу механизмдерінің қатысушылары тек 13 қаңтардан кейін ұсталған азаматтар орналасқан жабық мекемелерге мониторинг жасауды бастады, - деп атап өтті омбудсмен.
Сонымен қатар ол мониторингке кімдердің қатысып жатқанына тоқталды.
Бұл Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің қолдауымен жүзеге асырылды. Дегенмен, заң жүзінде ТЖ жағдайында мониторинг жүргізуге мүмкіндік берілмеген. ТЖ естеріңізде болса, елллде 19 қаңтарға дейін болды. Жағдай көрсеткендей, аталған тәртіпті қайта қарастыру қажет. Мониторинг жүргізуге азаматтық қоғам өкілдері, жеке сот сарапшылары, заң кеңесшілері, дәрігерлер, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер қатысуда. 24 қаңтардан бастап тәуелсіз мониторингке адвокаттар мен Парламенттің депутаттық топтары қатарынан қоғамдық бақылау комиссиялары қосылды, - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.