Қаңтар оқиғасы. Тергеуге кімдер қатыса алады?

18 Шілде 2022, 15:50
2199
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Тергеуге кімдер қатыса алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Айтуынша, Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әрекеттеріне қатыса алатын адамдардың нақты тізбесі бар. 

Қазіргі уақытта жекелеген адамдар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңсыз талаптар қойып, қабылданған процестік шешімдермен келіспегендіктен тергеуге қысым көрсету мақсатында қылмыстық істердің тергеу барысына араласуда. Қылмыстық процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдардың нақты тізбесіне рұқсат етіледі: бұл адвокаттар, қорғаушы тараптың заңды өкілдері, жәбірленушілер, олар прокуратураға да, тергеу сотына да тергеу органының іс-әрекеттеріне өтінішхат, шағым беруге құқығы бар. Бұл тұрғыда, Қылмыстық процестік кодексте процестік шешімдерге, сондай-ақ тергеу органдарының әрекеттеріне, оның ішінде мамандандырылған тергеу соттары арқылы шағым жасаудың нақты тәртібі айқындалған, - деп атап өтті Бас прокуратура өкілі. 

Сонымен қатар ол  қылмыстық процеске қатысушылар мен қорғаушылардың назарына заңның көрсетілген нормаларын қатаң сақтауға шақырды.

Прокуратура органдары барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуде екенін тағы да атап өтемін. Бас прокуратурамен қылмыстық істерді тергеу кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметіне араласқаны үшін жауаптылық туралы бірнеше рет ескерткенін ерекше айтқым келеді. Өзге адамдардың сотқа дейінгі тергеу барысына араласуы әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейді. Бізбен тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы және заңдылық қамтамасыз етілуде, - деді Елдос Қилымжанов. 

Өзгелердің жаңалығы