«Қаңтар оқиғасы». Қылмыстардың 70%-ын ұрлық істері құрайды

25 Қаңтар 2022, 18:24
2687
Бөлісу:
«Қаңтар оқиғасы». Қылмыстардың 70%-ын ұрлық істері құрайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қылмыстардың негізгі үлесін-70% немесе 1 356 негізінен тәртіпсіздіктерден туындаған хаос процесінде Алматы қаласының сауда объектілерінен жасалған ұрлық туралы істер құрайды. 127 қылмыстық іс атыс қаруы мен оқ – дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша, тағы 30 іс оларды ұрлау фактілері бойынша тергелуде, - деді ол. 

Әділов атағандай, 63 қылмыстық іс мүлікті қасақана бүлдіру және жою, 12 – автокөлікті айдап кету, 24 – қарақшылық және тонау, 23 – құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану және олардың өміріне қол сұғу фактілері бойынша тіркелді. 

Ұрлық пен тонау жасағаны үшін 274 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ұсталғандардың кінәсі ұрланған тауарлар мен қару түріндегі алынған заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбаларымен, әлеуметтік желілердегі роликтермен, күдіктілердің өздерінің ұялы телефондарынан табылған деректермен дәлелденеді, - деді Санжар Әділов. 

 

Өзгелердің жаңалығы