Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Террорлық шабуылдарға ұшыраған барлық қалаларда қайғылы оқиғалардың мән-жайлары қалпына келтірілуде. Сауда үйлердің, банктердің, мемлекеттік мекемелердің және басқа да объектілердің бейнекамераларының жазбаларына талдау жүргізіліп жатыр, - деді Қилымжанов.
Осы орайда ол Өскемендегі бейнежазбаның нәтижелері туралы айтты.
Өскеменде «Халық Банк» филиалының камерасынан алынған бейнежазбаны қарап шығу нәтижелері бойынша қала тұрғындары азамат «А» және «С» анықталды, олар алдымен полиция қызметкерлеріне тастарды лақтырып, содан кейін оларға арматурамен дене жарақатын салды. Екі қылмыскер қамауға алынды, - деді ол.
Қилымжанов атағандай, Шымкент қаласында арнайы іс-шараларды жүргізу нәтижелері бойынша қаңтар оқиғалары кезеңінде 3 полиция автокөлігін өртеп, тонауға қатысқан 3 тұрғын әшкереленді.
Қару-жарақ сақталған орындарды анықтау бойынша Ұрланған атыс қаруын анықтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, - деді ол.