Қаңтар оқиғасы. Өңірлердегі арандатушылар анықталып жатыр

11 Сәуір 2022, 15:22
1475
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Өңірлердегі арандатушылар анықталып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Арнайы прокурорлар 4 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғынын ұстады. Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландыру және 5 қаңтарда қала әкімдігі мен Полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастарды және «Молотов коктейльдерін» жеткізуді ұйымдастыру күдігі бойынша «С» есімді азамат ұсталды, - деді Қилымжанов. 

Оның айтуынша, Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы анықталды, бейне жазбалар арқылы 12 арандатушы анықталды.

Жамбыл облысында ағымдағы жылы  18-і мен 31-ші наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды.Бұл өңірдің ұйымдасқан қылмыстық топтың екі лидері қамауға алынды. Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаменттерін, Алматы әуежайының ғимараттарын тастап кету фактілері бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы