Қаңтар оқиғасы. Алматыда қару дүкенін ұрлаған азаматтар  5 жылға сотталды – Бас прокуратура

2 Наурыз 2022, 14:35
1782
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Алматыда қару дүкенін ұрлаған азаматтар  5 жылға сотталды – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі  бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айты.

Жедел тергеу топтарының өндірісінде 3666 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бар. 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданды. 62 адам түрлі жаза бойынша сотталды. Алматы қалалық Алмалы соты «Алпамыс» қару дүкенін ұрлағаны үшін Оңтай және Жеңісхан есімді азаматтар кәнілі деп танып, 5 жылға сотталды, - деді Қилымжанов. 

Ол атап өткендей, тәртіпсіздіктер барысында 4 мыңнан астам адам жарақат алған. 

Олардың ішінде 2402-сі полиция қызметкері, 990-ы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған әскерилер. Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысушыларды анықтау бойынша барлық шараны қабылдап жатыр, - деді Қилымжанов. 

 

Өзгелердің жаңалығы