Қаңтар оқиғасы. Адамдар полицияға қарсылық көрсетті, өртеді, тонады және күш қолданды – Берік Асылов

5 Қаңтар 2023, 10:30
1327
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Адамдар полицияға қарсылық көрсетті, өртеді, тонады және күш қолданды – Берік Асылов

Мәжілісте бүгін Бас Прокуратура және мемлекеттік органдар қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бас Прокурор Берік Асылов тура бір жыл бұрын қасиетті Тәуелсіздігімізге орасан зор қауіп төнгенін айтты.

5 қаңтар күні қасиетті Тәуелсіздігімізге орасан зор қауіп төнді. Оны өздеріңіз видеодан көрдіңіздер. Көптеген ірі қаладағы ғимараттар өртке оранып, астан-кестең болды. Басты құндылығымыз адам өміріне қауіп төнді. Президенттің қабылдаған батыл қимылдарының нәтижесінде елге  төнген қауіп-қатердің беті қайтты, - деп айтты Берік Асылов.

Оның сөзінше, бұл күндері барлық заң бұзылды.

Өкінішке қарай, қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениеті қалыптаспағандығын мойындауымыз керек. Адамдар жиналып, көшеге шыққан кезде «Бейбіт митинг туралы» заңның барлық нормасы бұзылды. Ұйымдастырушылар әкімдікті хабардар етпей, мыңдаған адамды жинады. What’sApp, Telegram арқылы тәртіпсіздікке қатысушылардың жиналуы мен қозғалысын үйлестірген. Алматыда санаулы сағат ішінде бір топтың өзінде қатысушылар саны 5 500-ға дейін көбейді. Сол сияқты Жамбыл облысында қатысушылардың саны 4 000-ға дейін өсті, - деп ақпарат берді Бас Прокурор.

Оның айтуына қарағанда, кейін адамдар полицияның заңды талаптарын орындамай, қарсылық көрсетті, өртеді, тонады және күш қолданды. Бұл – нағыз қылмыс.

Өзгелердің жаңалығы