Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елімізде қант бағасы көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр жылдың басындағы тапшылықтың алдын алу үшін не істеп жатқанын атап өтті.
Елімізде қант өндіретін 4 зауыт бар. 50 мың тонна қант өзіміздің қызылшадан жасалады. Қазір оның маусымы басталды. 400 мың қант шикі құрақ қанттан әзірленеді. Ал 100 мың тонна қантты Ресейден импорттаймыз. Себебі, кондитерлерге олардың сапасы ұнайды. Олар өздерінің өнімдерін шығаруы үшін пайдаланады, -деді ол.
Жұмағариннің дерегінше, қазіргі жағдайда 550-450 мың тонна қантты өзіміден шығарып, 100 мың тонна импортталады.
Біз бүкіл зауыт өкілдерімен кездестік. Оларға 3 ай бойы бразилиялық қант құрағын сатып алуға қаржы береміз, - деді Серік Жұманғарин.
Ол бұл жұмыстың нәтижесін 3 айда белгілі болатынын айтты.
Қыркүйектің аяғында қаржы бөлінеді. Зауыттар шикізатты сатып алады. Кеме тиісті шикізатты тиеп, Бразилиядан шығады. Ол Грузиядағы порттарға жеткесін жүкті сонда қалдырады. Бұл процесс тұрақты жүргізіледі яғни біз отандық қант зауыттарын 3 ай бойы шикізатпен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ Солтүстіктегі көршімізде қант қызылшасы бітік шықты. Сондықтан біз қант бағасы көтеріледі деп ойламаймыз, - деді Үкімет басшысының орынбасары.