Қант диабетінен арылтатын тағамдар

7 Тамыз 2023, 03:40
1364
Бөлісу:
Қант диабетінен арылтатын тағамдар
Фото: архив

Қант диабеті – бұл ұзақ уақыт бойы анықталмайтын ауру. Бірақ адамның тез шөлдеуі, жаралардың жазылмауы, дәретханаға жиі бару секілді белгілерді бірден аңғару керек. Себебі, ұзақ уақыт мән бермей жүрсеңіз ауру денеңізге дендеп, ағзаны бұзуы мүмкін. Егер сізге қант диабеті немесе предиабет диагнозы қойылса тез арада дұрыс тамақтануды қалыптастыру қажет. Себебі кейбір тағамдар аурудың алдын алуға көмектеседі. BAQ.KZ бұл туралы doctorpiter.ru сайтында шыққан мақалаға сілтеме жасайды.

Бұршақ дақылдары

Бұл ақуыз бен еритін талшықтың тамаша үйлесімі. Бұршақтарды тамаққа қосып жеу ұзақ уақыт бойы қанықтылық сезімі тудырып, салмақ пен қандағы қантты бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұршақ жүрек денсаулығына пайдалы. Сіз үрме бұршақ (фасоль), ноқат (нут) және басқа бұршақ дақылдарын жей аласыз.

Сұлы

Бұл өнімде қандағы қант пен қан қысымын төмендетуге көмектесетін бета-глюкандар бар. Сұлы майын аптасына кемінде екі рет жеңіз, тек оған қант қоспаңыз! Тағамды жеміс-жидектермен немесе даршынмен әртараптандыруға тырысыңыз.

Дәнді нан

Қант диабеті диагнозы қойылған адамдарға да құрамында көмірсу бар тағамдарды жеуге болады. Ең бастысы тағамдарды дұрыс таңдай білу керек. Дәнді нанның құрамында көптеген дәрумендер, минералдар және талшықтар бар. Органикалық қосылыстарға бай тағамды жеу қант диабетін төмендетуге көмектеседі.

Жабайы күріш

Мұндай жағдайда ақ күріштен бас тарту керек. Алайда сіз оны қоңыр (жабайы) күрішпен алмастыра аласыз. Өнімде марганец, мырыш және фолий қышқылымен бірге табиғи талшық бар.

Тәтті картоп (батат)

Тәтті картоп гликемиялық индексі кәдімгі ақ картопқа қарағанда төмен, сондықтан оны қант диабетімен ауыратын адамдарға жеуге болады. Сонымен қатар, ол ағзаға қажетті А дәруменіне айналатын бета-каротинге бай.

Жасымық

Жасымық - төзімді крахмалға бай көмірсулардың бір түрі. Оның қандағы қантқа әсері аз. Өйткені ол ағза арқылы қорытылмай, ас қорыту жолының төменгі жағындағы сау бактерияларды қоректендіреді.

Тауық еті

Бұл күш беретін таза ақуызға бай өнім. Тауық етінен түрлі тағамдар жасауға болады. Оның қайнатып сорпасын ішіңіз немесе пісіріп жеуге болады. Алайда, түрлі дәмдеуіштерді қосудан аулақ болыңыз. Сонымен қатар тауық жұмыртқасын да арагідік жеп тұруды ұмытпаңыз.

Майлы балық

Бұл ағзаға пайдалы әсер ететін ақуыз бен омега-3-тің топтасқан ортасы. Майлы балық қандағы қант деңгейін бақылауға ғана емес, сонымен қатар дене бітімі мен әл-ауқатын сақтауға көмектеседі.

Сонымен қатар мына көкөністерді де жеуге кеңес береміз:

шпинат;

брокколи;

болгар бұрышы;

цуккини;

балдыркөк;

түсті қырыққабат;

ақ қырыққабат;

сәбіз;

қызыл пияз;

қызанақ.

Бұл көкөністердің барлығында дерлік глюкоза жоқ. Кейбіреуінде оның ең аз ғана мөлшері бар. Бірақ олар табиғи талшықтарға, минералдар мен дәрумендерге бай. Олар денені қанықтыруға көмектеседі. Жүректі, тамырларды нығайтады, терінің және бүкіл денеге пайдалы әсер етеді.

Жемістер мен жидектер сіздің күнделікті рационыңызда болуы керек. Олардың құрамында табиғи талшық көп. Сонымен қатар қандағы қантты бақылайды. Лимон, өрік, алма, көкжидек, қарақат, таңқурай, шие секілді жеміс жидектер қант диабеті кезінде өте пайдалы.

Өзгелердің жаңалығы