Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қант диабетіне шалдыққандарға тегін дәрі қалай беріледі?

6 Тамыз 2025, 15:37
493
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елімізде келесі жылдан бастап қант диабетіне шалдыққан пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, бұл диабетке шалдыққандарды тегін медициналық көмек алушыларыдң қатарынан шығарып тастауды білдірмейді.

Диабетпен ауыратын пациенттер тегін көмек алушылар қатарынан шығарылмайды. Дәрі құнының орнын толтыру азаматтардың өз есебінен немесе жұмыс берушінің есебінен, болмаса, мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Оның үстіне, қаржыландырудың қосымша көзі ретінде енді жергілікті атқарушы органдар қосылады, - деп түсіндірді вице-министр.

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дәрі алатын пациенттердің басым көпшілігі халықытң экономикалық тұрғыдан белсенді тобына жатады.

Бұл дегеніміз – олар отбасылық бюджетке салмақ түсірмей-ақ МӘМС жарнасын өздігінен төлей алатындарын, заманауи дәрімен қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмектің толық пакетіне қол жеткізе алатындарын білдіреді. Ал мұндай мүмкіндіктері жоқ пациенттер әлсіз топтар санатына жатқызылған. Қазір олардың саны 1200-дей адамды құрайды және олар үшін жергілікті атқарушы органдар есебінен препараттардың шығынын толтыру қарастырылған, - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдан бастап Қазақстанда қант диабетіне міндетті скрининг енгізілетіні белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы