Қанқызыл түске боялған өзен арнасы тұрғындардың зәресін ұшырды

Бүгiн, 02:20
196
Бөлісу:
Қанқызыл түске боялған өзен арнасы тұрғындардың зәресін ұшырды
Фото: AFP/Хуан МАБРОМАТА

Аргентинаның орталығы Буэнос-Айрестен 10 шақырымда орналасқан Авельянеда қаласындағы Саранди өзенінің арнасы қанқызыл түске боялды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

France24 таратқан мәліметке сәйкес, тұрғындар түн ортасында қолқаны қапқан өткір иістен оянған.

Судың иісі бізді түнде орнымыздан тұрғызды. Күндіз қарағанда ол қанқызыл түстес болды, - деді қала тұрғыны Мария Дукомльс.

Қоршаған орта министрлігі Буэнос-Айрестің провинциясында тексерісті бастады. Алдын ала болжамға сәйкес, судың түсінің өзгеруіне органикалық бояғыш қалдықтары себеп болуы ықтимал. Талдау үшін су сынамалары алынды.

Өзгелердің жаңалығы