Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қамқоршылықтағы Назгүл мен Құндыздың оқиғасы полиция назарында

Бүгiн, 04:42
119
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық сипатталған видео тарады. Видео түсініктемесінде 12 бала асырап алған Тараз тұрғыны балаларын ұрып-соғып жатқаны айтылған. Сондай-ақ 10 баланың мүгедек екені де нақтыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Редакциямыз аталған жағдайға байланысты өңірлік полиция департаментіне жүгініп, сауал жолдады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 110-бабымен (Азаптау) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты барлық мән-жайларды мұқият анықтап, зерделеуде. Толық және жан-жақты тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қатаң түрде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады, – делінген полиция жауабында.

Өзгелердің жаңалығы