"Қалжыңы орындалды". Жазира Байырбекова Жанболаттың 30 жыл бұрын айтқан сөзін еске алды

23 Қаңтар 2024, 15:28
22168
Бөлісу:
"Қалжыңы орындалды". Жазира Байырбекова Жанболаттың 30 жыл бұрын айтқан сөзін еске алды
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Жазира Байырбекова күйеуі Жанболаттың осыдан 30 жыл бұрын әзілдеп айтқан сөзі бүгін орындалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира Меккеге аттанды. Қасиетті мекенге жеткен Жазира Мединадағы мешіттің ішін көрсетіп, жолдасының бұрын ойнап айтқан сөзі, бүгін шындыққа айналғанын айтты.  

"Ойнап айтсаң да, ойланып айт" дейтін үлкендеріміз. Үйленбеген, екеуміз қыз жігіт болып жүрмеген кезіндегі Жанболаттың қалжыңы бүгін орындалды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Жанболат дәл осы жердегі өзге ұлт өкілінің суретін көрсетіп, мынау мен деп қалжыңдап айтқан болатын. Міне 30 жылдан кейін қалжыңы шындыққа айналып, дәл осы жерге келіп тұрмыз. Әрбір мұсылманға осындай қасиетті мекенге келу жұғысты болсын , - деді әнші.

"Қалжыңы орындалды". Жазира Байырбекова Жанболаттың 30 жыл бұрын айтқан сөзін еске алды

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші ер адамдардың екінші әйел алуына қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы