Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қалың киіміңізді шешпеңіз: наурыз айына болжам қандай

28 Ақпан 2025, 14:31
13505
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - Архив
Фото: BAQ.KZ - Архив

Синоптиктер наурыз айының ауа райына болжам жасады,  деп хабарлайды BAQ.KZ

Демалыс күндері циклонның батыс аймақтарға әсерімен және атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде қар жауады, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Республиканың солтүстік-батысында 2 наурызда қатты қар жауады, оңтүстігінде 2-3 наурызда, елдің оңтүстік-шығысында 3 наурызда қатты жауын-шашын болады деп күтілуде.Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.Түнгі уақытта ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте-8-23°С, шығыста, орталықта-10-26°С, оңтүстікте-2-15°С, оңтүстік-шығыста-3-10°С, таулы аудандарда-12-20 ° С болады деп күтілуде°С, -делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы